Telegram Group Search
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹 Ақмола облысында алпыс отбасы тұратын Қаражар ауылы биылғы тасқыннан әлі ес жия алмай отыр. Тұрғындар сөзінше, ауылдағы жалғыз көпір жөнделмей, ауданмен қатынас үзілген.

"Ауылымызда түк жоқ, су жоқ, жол жоқ. Көпір жоқ. Бәрі жоқ. Ауыл әкіміне де, аудан әкіміне де айттық. Бірақ жөнделер түрі жоқ" дейді тұрғындар.

Ауылдық округ әкімі мен құзырлы министрлік жолды жөндеуге керек қаржы әлі есептеліп жатыр деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Пхеньянда келіссөз өткізген Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды

Путиннің айтуынша, құжат екі елдің біріне қарсы агрессия болған жағдайда өзара көмек көрсетуді көздейді.

Құжат мәтіні әлі еш жерде жарияланған жоқ, бұл әскери көмек туралы ма, әлде басқа нәрсе жайлы ма, ол жағы белгісіз.

Егер әскери көмек туралы болса, бұл Солтүстік және Оңтүстік Корея арасында соғыс қайта басталса, Ресейдің Пхеньяндағы соғысқа қатысуы мүмкін екенін білдіреді. 1953 жылы Корей соғысында атысты тоқтату туралы бітім жасалғанымен, бейбіт келісімге әлі күнге дейін қол қойылмаған.

🔸 Ким Путинмен өткізген келіссөзде Солтүстік Корея үкіметі "Ресей үкіметіне, армиясына және халқына арнайы әскери операция кезінде", яғни Украинадағы соғыста "толық қолдау танытатынын және тілектес екенін" айтқан. Кимнің пікірінше, операция "егемендікті, қауіпсіздік мүдделерін, аумақ тұтастығын қорғау үшін" жүріп жатыр.

🔸 Путин АҚШ-ты сынға алып, Украинадағы соғыста Ресейге қолдау көрсеткен Пхеньянды тағы да мақтаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Пхеньянда келіссөз өткізген Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды Путиннің айтуынша, құжат екі елдің біріне қарсы агрессия болған жағдайда өзара көмек көрсетуді көздейді.…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📹 Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Путин бұл сапарда Ким Чен Ынға жаңа Aurus көлігін сыйлаған

Пхеньян өкіметіне Aurus сыйлау – санкция талабын бұзатын әрекет саналады, өйткені бұған дейін қабылданған санкциялар Солтүстік Кореяға люкс автокөлік жеткізуге тыйым салған-ды.

Бұған дейін Еуроодақ Ресейге барған Ким Чен Ынға оқ өтпейтін кеудеше мен Ресейде шығарылған алты дрон сыйлаған Приморск өлкесінің губернаторы Олег Кожемякоға санкция салған.

Видео: Reuters

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Үкіметтің арнайы сайтында жарияланған көліктің утилизация алымына қарсы петиция 50 мыңнан астам азаматтың қолын жинап, тиісті мемлекеттік органның қарауына түсті. Оны қарастыратын жұмыс тобы құрылып, оның отырысына петиция авторлары шақырылып, жиынның форматы, жоспары көп дауға негіз болды.

Бір қарағанда, қоғам мен үкімет арасында қызу диалог жүріп жатқандай. Шынымен солай ма?

"Аманат" партиясы атынан сайланған мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров бұл заңды "әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және басқа мәселелер бойынша қоғамның уәждерін мемлекетке жеткізетін жаңа тетік" деп сипаттайды.

Кей пікір бойынша бұл петиция ережесі халықтың ішіндегі "буды шығару" әдісі не "қоғамдық талқы" деңгейіндегі нәрсе болып қалуы мүмкін.

Саясаттанушы Дос Көшімнің сөзімен айтсақ, заңда "тек оны "талқыға салады" дегеннен басқа ештеңе жоқ".

🔗Сілтеме

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
⚡️ Оппозициялық белсенді Айдос Садықовқа жасалған қастандықтан кейін Қазақстан Украинаға ресми нота жолдады Бұл ақпаратты Азаттыққа Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархат Қалетаев айтты. "Біз Украина сыртқы істер министрлігіне осы жағдайға байланысты түсініктеме…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹 Киевте оқ тиіп ауыр жараланған оппозициялық белсенді, "Бәсе" YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовқа операция жасалып, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелі Наталья Садықова бұл шабуылды "саяси қастандық" деп бағалады. Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Садықовқа қатысты пікірінде "қоғамдағы кез келген қайшылық заңмен шешілу керек" дейді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
📹 Киевте оқ тиіп ауыр жараланған оппозициялық белсенді, "Бәсе" YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовқа операция жасалып, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелі Наталья Садықова бұл шабуылды "саяси қастандық" деп бағалады. Ал Қазақстан президенті Қасым…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹 Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт оппозициялық журналист Айдос Садықовқа жасалған шасалған шабуылды "саяси қастандық" деп атайды және оны "Қазақстандағы саяси қудалаулардан бөліп қарастыруға болмайды" дейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі осыған ұқсас саяси жағдайларды елеусіз қалдыратын. Бірақ, саясаттанушының сөзінше, Садықовқа жасалған шабуыл бойынша пікір білдірмей қоя алмады.

🗣 "Бұл Қазақстанда емес, шетелде болған жағдай. Президент Тоқаев халықаралық қауымдастық реакциясы қатаңдау болуы мүмкін деген оймен реакция білдірген сияқты" дейді Шалқар Нұрсейіт.

Саясаттанушының Азаттыққа берген пікірін толығырақ видеодан көріңіздер.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
⚡️ Оппозициялық журналист, "БӘСЕ" YouTube-арнасының авторы Наталья Садықова Азаттыққа сұхбат беріп, өздеріне жасалған қастандық туралы айтты Садықованың сөзінше, күйеуінің халі ауыр. Оқ оның самайынан кіріп, миына тиген. Дәрігерлер "осы түнде тірі қалмауы…
⚡️ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Наталья Садықованың "Бәсе" арнасы Тоқаев үшін көзге шыққан сүйелдей болды" деген сөзіне қатысты Tengrinews.kz сайтына пікір білдірді.

🗣 "Қайдағы сүйел? Мемлекет басшысы бұл интернет ресурсты қарамайды, тіпті оған ешқашан қызығушылық танытқан да емес. Қазақстанда әртүрлі бағытта ондаған, тіпті жүздеген мұндай арна, сайттар жұмыс істейді. Бәрі өз қызметтерін атқарып жатыр. Ал аталған арнаның ешқашан еліміздің ішкі ақпараттық мәселелеріне айтарлықтай әсері болған жоқ. Оған қоса, көп адам ондай ақпарат көзінің бар екенін Киевте болған оқыс оқиғадан кейін ғана білді" дейді Тоқаевтың баспасөз хатшысы.

Киевте қастандыққа ұшырап, қазір ауруханада жатқан Айдос Садықов пен оның әйелі Наталья Садықова ашқан "Бәсе" Youtube-арнасы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігін ашық сынайтын видеолар жариялайды.

Арнаға бір миллионнан аса адам жазылған. Видеолары мыңдап, миллиондап қаралым жинайды. Садықовтар бұл каналды өздері босқын мәртебесін алған Украинадан жүргізеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Хорватия мен Албания тартысты ойында тең түсті

⚽️ Еуропа чемпионатының В-тобында Хорватия мен Албания ойнап, 2:2 есебімен тарқасты. Матчтың 11-минутында Казим Лячи есеп ашып, Албанияны алға шығарған. Ал екінші таймда Хорватия айналдырған екі-үш минуттың ішінде екі гол салып алға шықты

⚽️ 74 минутта Андрей Крамарич есепті теңестірген. Ал 76 минутта албаниялық Клаус Гьясула өз қақпасына автогол салып алып, Хорватия 2:1 есебімен алда келе жатқан.

⚽️ Бірақ өз қақпасына гол салып алған Клаус Гьясула 90-минутта есепті теңестіріп кетті.

⚽️ Топтық кезеңнің үшінші турында Хорватия Италиямен, Албания Испаниямен ойнайды.

⚽️ Бірінші турда Хорватия Испаниядан (0:3), Албания Италиядан (1:2) жеңілген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Германия плей-офф кезеңінде

⚽️Еуропа чемпионатының А тобында Германия құрамасы (суретте) Венгрияны 2:0 есебімен жеңіп, 1/8-финал мәселесін шешіп қойды. Ал топтағы екінші матчта Шотландия мен Швейцария тең түсті - 1:1.

⚽️Бұл топтан екінші жолдамаға осы Швейцария мен Шотландия таласады. Үшінші турда Швейцария Германиямен, Шотландия Венгриямен ойнайды.

⚽️А тобындағы бірінші турда Германия Шотландияны - 5:1, Швейцария Венгрияны 3:1 есебімен жеңген еді. Екі ойында жеңіске жеткен Германия алты ұпаймен көш бастап тұр. Швейцарияда төрт ұпай, Шотландияда бір ұпай бар. Венгрияда ұпай жоқ және бұл құраманың плей-офф кезеңіне шығуы қиындау.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 6 маусымда Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы медиасарапшылар мен журналистер сынаған "Масс-медиа туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады Заң жобасы сәуірде мәжілістен сенат қарауына жөнелтілген. Енді парламент қабылдаған заңды президентке қол…
🗣 Тоқаев "Масс-медиа туралы" заңға қол қойды

Баспасөз құқығын қорғаушылар заңдағы өзгерістер қабылданса, мемлекет БАҚ-қа бақылауын одан сайын күшейтуі мүмкін деп алаңдаған.

Жаңа заңға сәйкес, "масс-медиаға" бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) ғана емес, интернет-ресурстар да жатады. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" заңдар күшін жояды.

"Масс-медиа туралы" заң бойынша, азаматтар ақпарат құралдарынан жалған ақпарат немесе ар-намысына нұқсан келтіретін ақпаратты терістеуді материал жарық көрген сәттен бастап бір жыл ішінде (бұған дейін үш жыл болды) ғана талап ете алады. Ал редакция сауалдарын қарау бес жұмыс күнінен (бұған дейін жеті күн болған) аспауға тиіс.

Ақпарат министрлігі масс-медиаға "қоғамның адамгершілік дамуына зиян келтіру және жалпыадамзаттық, мәдени, ұлттық және отбасылық құндылықтардың бұзылуына қатысты" мониторинг жүргізе алады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
⚡️Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Ямало-Ненецтегі №3 түзеу мекемесінде көз жұмды Бұл туралы Ресейдің жазаны өтеу бойынша федералды қызметі хабарлады. Ведомство "Навальный серуендеуден соң өзін жайсыз сезініп, бірден есінен танып қалғанын", "жедел…
💬 Канада Навальный қазасына байланысты Ресей азаматтарына санкция салды

Канада сыртқы істер министрлігі санкциялар 2020 жылы Навальныйды "Новичок" уымен улауға, 2021 жылы саясаткерді Мәскеу әуежайында заңсыз ұстауға, түрмеде отырғанда оның құқықтары сақталмағанына байланысты салынды дейді.

Бұдан бөлек, санкция салуға Ресей билігінің оппозиционердің сүйегін жақындарына кеш бергені және оның қазасына не себеп болғанын тергеуден бас тартқаны әсер етті деді.

Канада 13 адамға санкция салған, оның ішінде Ямал-Ненец автономды округіндегі тергеу комитетінің басқарма басшысы, оның орынбасары, "саясаткерді улауға қатысы бар" деген күдікке ілінген ФСБ агенті бар.

Канада СІМ басшысы Мелани Жоли бұл туралы саясаткердің жесірі Юлия Навальнаяға өзі хабарлаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Ақтөбе феррорқорытпа зауытында бес жұмысшы күйіп қалды

Төтенше оқиға 19 маусым түстен кейін болған. Зауыттың мәліметінше, бес жұмысшы кокс күлін тиеп жатқан кезде күйіп қалған. Оның екеуі мердігер компанияның жұмысшысы.

🗣 "Өндірісте жарақат алған бес адамның төртеуі облыстық ауруханада ем алып жатыр. Бәрінің де қолы күйген. Денесінің 5 пайыздан 13 пайызға дейінгі бөлігін күйік шалған төрт адам травматология бөлімінде жатыр. 42 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартты. Оның бетін жалын шарпып, екі иығы күйген" деп хабарлады Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы.

"Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар тексеріп жатыр" деді Ақтөбе ферроқорытпа зауыты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Израиль армиясының өкілі ХАМАС-ты "жоюға болмайды" деп мәлімдеді

"ХАМАС-ты жоқ қыламыз деу адамдардың көзіне құм шашқанмен тең. Егер біз оған балама ұсынбасақ, ақыр соңында бізде де ХАМАС болады"деді контр-адмирал Даниэль Хагари Израильдің "13-арнасына".

"ХАМАС" – бұл идеология, біз идеологияны жоя алмаймыз" деді Хагари.

Оның айтқанын бірден Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың әкімшілігі сынға алды. "ХАМАС-ты жеңгенге дейін Газадағы шабуыл тоқтамайды" деді Нетаньяху әкімшілігі.

Сегіз айдан астам уақыттан бері Израиль Газа секторында әскери операция жүргізіп жатыр. Ол былтыр 7 қазанда ХАМАС тобы Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасағаннан кейін басталған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴 Қазақстан мұнайының көбін Еуропаға тасымалдайды. Тасымалдың басым бөлігі Ресей аумағынан өтетін Каспий құбыр консорциумы арқылы жүзеге асады.

Саясаттанушылар пікірінше, екі жыл бұрын Ресей Украинаға басып кіріп, геосаяси ахуал өзгергелі Кремль бұл құбырды саяси ықпалын көрсететін құралға айналдырып алды.

Мәскеу қазақ мұнайы өтетін құбырды қайта-қайта жауып тастай берген соң Астана шикізат тасымалдайтын балама жол іздеді.

🛢 Қазақстан Ресей құбырына тәуелдіктен арылып, мұнай тасымалдаудың балама жолын таба ала ма?

Азаттық осы сұраққа жауап іздеді. Толығырақ Елнұр Әлімованың шолуынан көріңіз 👇🏻

🔗Сілтеме

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Еуроодақ елдері Ресейге салынатын 14-санкция пакетін қабылдай алмады, бұған осы процесті созып жатқан Германияның әрекеті себеп болды

Бұл туралы Reuters агенттігіне ЕО дипломаттары хабарлаған.

Жаңа санкцияда Ресейде сұйылтылған табиғи газды ауыстырып тиеуге тыйым салу және еуропалық компанияларды оның үшінші елдердегі еншілес компаниялары мен серіктестері санкция бұзғаны үшін жауапқа тарту көзделген еді.

Дипломатиялық дереккөздердің мәліметінше, Германия тарапы сын айтқан соң қорытынды құжаттан Еуропа операторлары туралы санкция бөлігі алынып тасталған.

Бұл ереже экспорттаушыларды еуропалық компанияларға бақылау қиынға соғатын үшінші елдердегі серіктестердің әрекеттері үшін жауап беруге мәжбүр етер еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Тоқаев Нұрлан Ноғаевты Қазақстанның Түркіменстандағы елшісі етіп тағайындады

Биыл мамырдың ортасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ноғаевты Маңғыстау облысы әкімі қызметінен босатқан.

Ноғаев 2012 жылдан 2016 жылға дейін Ноғаев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып істеді. Содан кейін 2016 жылдан 2019 жылға дейін Атырау облысының әкімі болды. 2019 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін энергетика министрі қызметін атқарды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 АҚШ Тайваньға шамамен 360 миллион доллар тұратын дрон мен ракета сатуы мүмкін. Себебі мемлекеттік департамент бұл шешімді мақұлдаған.

"Бұл сатып алушының қауіпсіздігін арттыруға және аймақтағы саяси тұрақтылықты, әскери тепе-теңдікті және экономикалық прогресті қолдауға көмектеседі" деді Пентагон құрылымына кіретін қорғаныс қауіпсіздігі саласындағы әріптестік агенттігі.

Ресми дипломатиялық қатынас жоқтығына қарамастан, АҚШ Тайваньға өзін өзі қорғау құралдарын беруге заң жүзінде міндеттеме алған. "Америка дауысы" сайтының Орыс қызметі АҚШ-тың рөлі үнемі Пекиннің наразылығын тудырады деп жазды.

Қытай Тайвань аралын өз территориясы санайды. Биыл мамырда Тайванның жаңа президенті Лай Циндэнің инаугурациясы өткеннен кейін Пекин Тайвань жағалауына жақын маңда жаттығу өткізген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🔴 Қазақстан мұнайының көбін Еуропаға тасымалдайды. Тасымалдың басым бөлігі Ресей аумағынан өтетін Каспий құбыр консорциумы арқылы жүзеге асады. Саясаттанушылар пікірінше, екі жыл бұрын Ресей Украинаға басып кіріп, геосаяси ахуал өзгергелі Кремль бұл құбырды…
🛢 Қазақстан бюджеті мұнайға тәуелді. Қазынаға кірістің 55-65 пайызы мұнайдан түсіп отыр.

Каспий құбыр консорциумының жұмысы бір айға тоқтаса, бюджет 250 миллиард теңге кірістен қағылады. Бұл – 1200 орындық 78 мектеп салуға жұмсалатын қаржыға парапар.

📌 Мәскеу КҚК арқылы мұнай экспортын бірнеше мәрте шектеген соң Астана Ресейді айналып өтетін дәліз іздеуге мәжбүр болды.

📌 Еуропа нарығына КҚК-дан өзге мұнай жеткізудің басқа амалы – Каспий теңізі. Бірақ Каспий түбімен өтетін құбыр жоқ.

Қазақстан, Түркіменстан мен Әзербайжан Каспий арқылы мұнай мен газ айдайтын құбыр салу мәселесін 2007 жылдан бастап көтергенімен, жоба іске аспады.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Қазақстанда вейптерді сатуға және жарнамалауға тыйым салатын заң күшіне енді

Билік бұл шара балаларды базарларда және тұрғын аудандардағы шағын азық-түлік дүкендерінде ашық түрде сатылатын вейптерді қолданудан сақтау үшін қажет деп түсіндірді.

🔺 Вейп сатқан және таратқан адамға 200 АЕК айыппұл (738 400 теңге) я 200 сағат қоғамдық жұмыс міндеттеу не 50 күнге қамау жазасы тағайындалады.

🔺 Ал елге вейп әкелгендерге және оны өндіргендерге заңға сәйкес, 2000 АЕК көлемінде (7,3 миллион теңге) айыппұл я 600 сағат қоғамдық жұмыс міндеттеу немесе 2 жылға дейін бостандығын шектеу я бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

🔺 Егер мұны қылмыстық топ бірнеше рет қайталаса, аса ірі мөлшерде табыс алумен байланысты болса 5000 АЕК (18,4 миллион теңге) айыппұл я 1200 сағат қоғамдық жұмысқа салу немесе 5 жылға бостандығын шектеу я бас еркіндігінен айыру жазасы белгіленеді.

Темекі нарығы жөніндегі жергілікті қауымдастық толық тыйым салудың орнына күмәнді өнімдер мен таңбаланбаған тауар сатуды анықтауды, кәмелетке толмағандарға вейп сатуға тыйым салуды ұсынған. Жаңа заңды сынағандар вейп сатуға тыйым салу көлеңкелі нарықтың ұлғаюына және темекіге тәуелді адам санын көбейтуге әкелуі мүмкін деп айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Меккеге қажыға барған 562 адам аптап салдарынан мерт болды

Биыл 1,8 миллионға жуық мұсылман Сауд Арабиясына қажылық сапар шекті. Меккеде ауа температурасы 50 градустан асып, салдарынан 562 адам бақилық болды. Олардың 307-сі – Египет азаматы. Осы елдің тағы 118 азаматы хабар-ошарсыз кеткенін Reuters агенттігі хабарлады.

2016 жылы Сауд Арабиясы әр 500 метр сайын құдық пен көлеңкелі жер көбейткен. Бірақ Арафат тауында құлшылық ету күн астында ұзақ болуды қажет етеді. Ыстықтан болған адам өлімі 1400 жылдардан бері тіркеліп келеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2024/06/26 18:56:01
Back to Top
HTML Embed Code: